Главная » 2017 » Декабрь » 8 » «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде»
10:37 «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» |
Станционный ауылдық кітапхананың кітапханашысы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруді түсіндіру және талқылау үшін үнемі пайдаланушылармен жұмыс істейді. Әр апта сайын кітапханаға келушілермен түсіндірме әңгімелер жүргізіліп, тақырыптық сөрелер ұйымдастырылды. Ольга Ивановна әңгімелерінде оқырмандарды жаңа латын әліпбиімен таныстырады, мұнда 32 әріп бар екеніне назар аударады және кейбір дыбыстарды белгілеу үшін апострофтер (әріптердің үстіндегі үтір) енгізіледі. Латын әліпбиіне көшу қазақ тілінде жаңа терминдерді енгізу үдерісін айтарлықтай жеңілдетеді, көпұлтты Қазақстан аумағында тұратын өзге ұлт өкілдерінің оны жаңғырту және белсенді үйрену үшін жағдай жасайды. Біз латын әліпбиіне көшуді шешкен бірінші ел емеспіз. Пионерлер Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан болды. Мемлекет басшысының осы жылдың сәуір айында жаңа қазақ әліпбиіне арналған бірыңғай стандарт қабылдауды тапсырғаннан кейін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру айрықша өзектілікке ие болды. |
Категория: Іс-шаралар/Мероприятия |
Просмотров: 308 |
Добавил: biblioteka
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
"Ашық үкімет" |
---|
|
РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ |
---|
|
"Парасат жолы" |
---|
|
Акция |
---|
|
Қасиетті жер |
---|
|
Альманах жобасы |
---|
|
2022 Приоритеттері |
---|
|
Статистика |
---|
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|