Елімізде домбыра күнін 2018 жылдан бастап жыл сайын атап өтуде. Домбыра-ғасырлар бойы қазақтарға өз ойлары мен сезімдерін білдіруге, халықтың жан дүниесін ашуға көмектескен музыкалық аспап болып саналады. Сондықтан Домбыра Халықтың мәдени мұрасына айналды деуге болады. Аталмыш мереке қарсаңында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар аудан және ауылдық жерлерде шара барысында түрлі іс-шаралар өткізіледі.
Бөрлі ауылдық кітапханасының кітапханашысы балалармен іс-шара өткізіп, балаларға мереке туралы айтып өтті. Домбыраның шығу тегі туралы еске түсіріп, домбыра туралы қызықты деректер мен домбыраның өзі, оның ішектері неден жасалатындығы жөнінде айтып берді.
Научнен ауылдық кітапханасында «Домбыра – ұлттық аспап» атты ашық сабақ өтті. Кітапханашы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясы үшін халықты, қоғамды біріктіруге арналған мереке туралы айтты. Іс-шара барысында балалардың назарына «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі», «Қазақтың қаһармандық эпостары» антологиясына енген күй авторлары туралы кітаптар мен жазбалар, мәліметтер және де Жаңашыл сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі» ұсынылды.
Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы мәдениет қызметкерімен бірлесе мереке қарсаңында танымдық сағат өткізді. Кітапханашы балаларға мерекенің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Балалармен бірге «Ақсақ-құлан» мультфильмін тамашалады.
Тоғызақ ауылдық кітапханасында «Халықтың асқақ тарихы» атты шолу өткізілді. Шолу барысында тыңдаушылар кітапханашы Т.И. Престель
К.Әзірбаевтың, Д.Нұрпейісованың, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің және басқалардың шығармашылығы туралы бірегей кітаптармен, сондай-ақ мәдениет пен өнерге қатысты кітаптарымен таныстырды.
Победа ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Домбыра – халық мұрасы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ халық аспабына арналған басылымдармен танысты. Сонымен қатар «Домбыра – аңызға айналған аспап» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Домбыра жасау тарихы, өткен және қазіргі көрнекті домбырашылардың өмірі, ұлы шығармалар жасау тарихы туралы баяндайтын дөңгелек үстелге қатысушылар қазақ халық аспабына арналған басылымдармен танысты.
Михайловка ауылдық кітапханасында «Домбыра – думан» іс-шарасы өтті. Кітапханашы Қазақтың ұлттық аспабы туралы әңгіме дайындап, домбыра туралы аңызбен таныстырды. Мақсаты-ұлттық құндылықтарды насихаттау, ұлттық аспаптың тарихымен танысу, қатысушылардың ой-өрісін кеңейту, қазақ халқының рухани құндылықтарына деген сүйіспеншілікті ояту болып табылады. |