Биыл Мұхамеджан Сералиннің туғанына 150 жыл толады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қызметкерлері 28 ақпан күні әлеуметтік желілерде ақын, ағартушы, журналист, педагог М.Сералинге арналған "Қазақ жерінің даңқты ұлы" бейнеролигін орналастырды. Қазақ даласындағы журналистік іс тек ХХ ғасырдың басында ғана пайда болды. Ұлттық БАҚ-ның дүниеге келуі сол кездегі қазақ халқының алғашқы ұлдарының еңбегі болды. Солардың бірі Мұхамеджан Сералин болатын.