
1955 жылы іргесі қаланған әлемнің ғарыш айлағына айналған «Байқоңыр» ғарыш алаңының құрылғанына биыл 70 жыл толып отыр. Ол Қызылорда облысына қарасты Қармақшы ауданы аумағында орналасқан. Адамзат дәуірінде алғаш ғарышкер Ю.Гагарин де осы Байқоңыр айлағынан ғарышқа ұшты.
Осы атаула күн орайында 5-сынып оқушыларына «Байқоңырым – мәңгі ғарыш аймағы» атты тақырыпта сурет байқауы өткізілді. Сурет байқауы алдында балаларға ғарыш аймағының құрылу тарихы, өз елімізден шыққан ғарышкерлер жайында ақпараттар айтылып, қызықты сұрақтар қойылды.
Сонымен қатар балалар өз елімізде әлем, ғылым үшін маңызы бар аймақтың орналасқанын мақтан тұта отырып, шабытпен суреттеді.#ДетскаяБиблиотекаКарабалык |