Михайловка ауылдық кітапханасына "Бала кезінен сыбайлас жемқорлықсыз" кітапханалық-ақпараттық сабағына 4-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен келді. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық туралы олардың жас ерекшеліктеріне сай формада, атап айтқанда ертегі кейіпкерлерінің мысалында айтылды. Сауалнама нәтижесі бойынша, балалар бұл сөзді естіген, бірақ көбісі оның мағынасын білмейді. Әдеби кейіпкерлердің мысалында оқушылар сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің мәнімен, себептері мен салдарымен таныстырылды, балалардың адалдық, әділдік туралы білімдері нақтыланды. Ертегіні тыңдағаннан кейін балалар әдеби кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз жақтарын дұрыс бағалауды үйренді. Талқылау барысында балалар сыбайлас жемқорлықтың қандай салдарға әкеп соқтыратынын біліп, ертегі кейіпкерлерінің іс-әрекеттеріне өз көзқарастарын білдірді. Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және күресті өздерінен бастау керек екенін түсінді. |