Қарабалық аудандық балалар кітапханасында «Балалар еңбегін қанауға ЖОЛ ЖОҚ!» квилт-акциясы өткізілді. Акция 1 маусымда Балаларды қорғау күні басталып, 12 маусымда – Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күнінде аяқталды. 12 күн бойы балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары акцияның сұрақтарына жазбаша жауап берді: ""балалар еңбегі" ұғымы нені білдіреді?", "Халықаралық еңбек ұйымы 12 маусымды Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні ретінде қандай мақсатпен жариялады?", "Сіздің ойыңызша, балалар орындайтын "рұқсат етілген" еңбек түрлеріне не жатады?", "Тыйым салынған" еңбек формаларын тізімдеңіз". Балалар белсенділік танытып, акция сұрақтарына жауап берді, әрқайсысы ересектерге көмектесу үшін үйде қандай жұмыс істейтінін айтып, соңында қай әлемде өмір сүргісі келетіні туралы ойларымен бөлісті. Бұл акцияға ересектердің қатысуы біздің балаларымыздың болашағына бей-жай қарамайтындықтарың көрсетті. Акцияға "Балалар еңбегін қанауға ЖОЛ ЖОҚ!» кітап көрмесі рәсімделді, оған Бала құқықтары туралы конвенциялар, еңбек құлдығына ұшыраған балалардың фотосуреттері, балалар мен жасөспірімдердің қиын өмірлік жағдайларын сипаттайтын көркем әдебиеттер ұсынылды.#ДетскаяБиблиотекаКарабалык#balademalys2023 |