"Балалар еңбегіне қарсы 12 күн" акциясы аясында Тоғызақ ауылдық кітапханасы шетте қалмай, "Балалардың балалық шаққа құқығы бар" атты ақпараттық шолу өткізді. Бұл күні кітапханаға келушілер арасында жұмыс істейтін балалар жұмыс істеуге тым кішкентай болғанда немесе олардың физикалық және ақыл-ой дамуына, сондай-ақ олардың білім алу және әлеуметтік дағдыларды игеру мүмкіндіктеріне қауіп төндіретін қауіпті қызметпен айналысқанда туындайтын проблемалар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кітапханашы 18 жасқа дейінгі балаларды денсаулығына және моральдық немесе психологиялық жағдайына зиян келтіретін жұмыстарға тартуға тыйым салу туралы айтты. Әлеуметтік қорғау құқығы-адамның, әсіресе баланың құқықтарының бірі. Кітапханадағы іс-шараға "Жоқ! Балалар еңбегіне!»тақырыптық сөре рәсімделді.
Бұл іс - шараның мақсаты-балалар еңбегінің барлық түрлерін тоқтатуға қол жеткізу бойынша күш-жігерді жандандыру. |