Бүгін 1 маусым күні - Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл күні балаларға ерекше назар аударады, құттықтау сөздер айтылады және оларға түрлі сыйлықтар табысталады.
Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері де шетте қалған жоқ, құттықтау акциясына ат салысып, Арбат пен балалар алаңында балаларға көңілді суреттер салынған шарлар таратты. Барлық балаларға денсаулық, қуанышты оқиғалар және бақытты балалық шақ тіледі. |