
14 наурыз күні Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Қазақстан агротехникалық колледжінің студенттерімен «Береги, а не разрушай» атты профилактикалық әңгіме өтті. Іс-шара барысында кітапханашылар жиналғандарға «вандализм» терминінің мағынасын, бұл құбылыстың пайда болу тарихын, адамдарды мүлікті бүлдіру мен жоюға итермелейтін негізгі себептерін ашып айтты.
Одан кейін балалар түрлі жағдайларды белсенді түрде талқылап, тентектік пен зиянды әрекеттерден мысалдар келтіріп, жастар арасындағы бұзақылық әрекеттердің алдын алу бойынша өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында қатысушылар ұлттық-мәдени мұраға, тарихи құндылықтарға құрметпен қарау керек деген қорытындыға келді. |