Қазақ халқының өмір тарихында баланың дүниеге келуімен және оның тәрбиесімен байланысты көптеген қызықты рәсімдер бар, олар өздерінің әдемілігімен, мағыналық мазмұнының байлығымен таң қалдырады. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қарабалық орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері М.Горький атындағы №1 орта мектептің 9 сынып оқушыларына арналған Қарабалық тарихи – өлкетану мұражайымен бірлесіп Бесікке салудың әдет-ғұрпы, оның қазақ халқының өміріндегі рөлі мен маңызы туралы айтып берді. Сондай-ақ, қатысушыларға сәбиді бесікке салу дәстүрін көрсетті. Аталған іс-шараның мақсаты өскелең ұрпақты қазақ халқының салт-дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу. |