
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Святославка ауылдық кітапханасының кітапханашысы ЖББМ оқушыларына арналған «Без вины виноватые: белые пятна истории» атты тарихи сағат өткізді.
Кітапханашы оқушыларға саяси қуғын-сүргіннің ауқымы, сол жылдары зардап шеккен жазушылардың, ғалымдардың, шаруалардың, жұмысшылардың тағдыры, ГУЛАГ басқармасына кіретін КАРЛАГ және АЛЖИР лагерлері туралы айтып берді.
Мұрағаттық фотосуреттердің, сондай-ақ кітапхана қорындағы естеліктер кітабының көмегімен оқушылар тарихи оқиғалар мен олардың қоғамға тигізетін салдарын жақсы түсіне алды.
Тарихи сағаттың соңында жазықсыз зардап шеккендерді еске алуға бір минут үнсіздік жарияланды. |