«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында биыл Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай Научное ауылдық кітапханасының оқу залында өлеңдер жинағы, кітаптар, мақалалардан үзінділер ұсынылды. Оқырмандармен алғашқы кездесу "Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары мен қанатты сөздері" атты шығарманы зерттеуге бағытталған. Ол аудармашы, ағартушы, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, Алаш Орда партиясының мүшесі. |