
2025 жылы «Бір ел –бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақтың көрнекті екі авторының: жазушы және ақын Тәкен Әлімқұловтың, сондай-ақ ақын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтінінің авторы Жұмекен Нәжімеденовтың шығармаларына ерекше көңіл бөлінеді.
Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы оқырмандарды осы авторлардың Т.Әлімқұловтың «Вся жизнь впереди», «Музыкальная душа». Ж. Нәжімеденовтың «Екі томдық шығармалары жинағы», «Даңқ пен дақпырт» сияқты шығармаларымен таныстыруды жалғастыруда..
Кітаптарды үйге алған оқырмандар да бар, бұл отандық әдебиетті оқуға деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді |