Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылуда. Оның мақсаты - қазақ әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, жастарды отаншылдыққа, өнегелілікке тәрбиелеу болып табылады. Қазақстанда «Бір ел-бір кітап» акциясы 2007 жылы басталған, алғашқы акцияны еліміздің кітапсүйер қауымы Абайдың «Қара сөздерімен» жалғастырған, кейін М. Әуезовтың «Лихая година», М. Жұмабаевтың «Жан сөзі», Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын», 2013 жылы Республикамыздың оқырмандары Фариза Оңғарсынованың «Дауаны» таңдады, С.Мұратбековтің «Жусан иісі» және «Басында Үшқараның» атты туындылары таңдалынған болатын. «Бір ел – бір кітап», 2015» акциясы бойынша ұйымдастыру комиссиясының кезекті отырысында биылғы жыл кітабы таңдалды. Басым дауыс көрнекті жазушы І. Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясына берілді. «Көшпенділер» трилогиясы эпикалық құлаш-қарымымен‚ оқиғалардың серпінділігімен‚ қазақ тарихының жанды әрі қайталанбас тұлғалардың бейнесімен‚ тілінің шынайлығымен және айқындылығымен ерекшеленеді. Жазушы I. Есенберлин (1915—1983) Қазақ КСР мемлекеттік сыйлықсының жүлдегері, өзінің тарихи трилогиясында қазақ елінің ХV-ХІХ ғ.ғ. тәуелсіздік үшін табанды күресін көркем суреттейді. Трилогия "Алмас қылыш", "Қаһар", "Хан Кене" бөлімдерінен тұрады. Енді бір жыл бойы аталған роман еліміздің барлық кітапханалары мен мектептерінде дәріптеліп, оқырман қауымға кеңінен насихатталатын болады. Аудан кітапханаларында түрлі жаппай іс-шаралар өткізіледі: кештер, әдеби оқулар, электронды презентациялар, диспуттар. Құрметті оқырмандар, біз Сізді күтеміз.
Уже девятый год по инициативе Национальной академической библиотеки, Библиотечной ассоциации РК и при поддержке Министерства культуры в Казахстане проводится акция «Одна страна – одна книга». Её цель - пропаганда казахской литературы, сохранение историко-культурного и духовного наследия, нравственно-патриотическое воспитание. Год за годом казахстанцы знакомятся с замечательными книгами: Абая «Слова назидания», М. Ауэзова «Лихая година», М. Жумабаева « Жан сөзі», Ж. Молдагалиева «Я – казах», Фаризы Унгарсыновой - сборник лирических стихотворений поэтессы «Дауа» - «Откровение»,Саина Муратбекова «Запах полыни», «На вершине Ушкара» и др.На заседании организационной комиссии акция «Одна страна – одна книга» была выбрана книга 2015 года. Большинством голосов книгой этого года стала трилогия И. Есенберлина «Кочевники». Роман-хроника известного казахского писателя Ильяса Есенберлина (1915—1983), удостоенная Госпремии Казахской ССР. Охватывает исторические события XV—XIX веков, происходившие на территории будущего Казахстана. Трилогия Есенберлина состоит из следующих частей: «Заговорённый меч», «Отчаяние», «Хан Кене». Акция «Одна страна – одна книга» будет проходить во всех библиотеках страны. В библиотеках района Карабалыкской библиотечной системы оформлены тематические полки , книжные выставки. Здесь предоставлены материалы по творчеству писателя и его трилогии. В библиотеках района пройдут массовые мероприятия: вечера, литературные чтения, электронные презентации, просмотры, диспуты. Уважаемые читатели, ждем Вас в библиотеках нашего района. |