Қазақстанда 2021 жыл Тәуелсіздік жылы деп жарияланды. Осыған байланысты, "Бір ел – бір кітап" республикалық акциясы ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. "30 кітап – Тәуелсіздіктің 30 жылдығы" атты акция аясында бүкілхалықтық оқуға белгілі қазақстандық авторлардың поэзия, проза, драматургия, балалар әдебиеті мен аударма саласындағы үздік 30 шығармасы таңдалды. Қарабалық ОКЖ барлық кітапханаларында тақырыптық сөрелер рәсімделіп, іс-шаралар өткізіледі. Есенкөл ауылдық кітапханасында тұрақты және белсенді оқырмандар акция бойынша кітаптармен танысты. |