Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері 2 желтоқсан күні әлеуметтік желілерде 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірінші бүкілхалықтық сайлауда сайланған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған бейнероликті орналастырды. Н.Ә.Назарбаевтың тұлғасы ел өміріндегі тұтас дәуірді білдіреді. Тәуелсіздік таңында халқымыз оған жаңа Қазақстанның құрылысын сеніп тапсырды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев біздің қазіргі мемлекетіміздің негізін қалаушы - әкесі және нағыз Ұлт көшбасшысы болып табылады. Материалды Святослав ауылдық кітапханасының кітапханашысы және 9 сынып оқушысы Ильченко Анжелика дайындады.