Аудандық балалар кітапханасының қабырғасында М. Сералин атындағы мектептің оқушыларына арналған Бірлігіміз жарасқан» ақпараттық сағаты өтті. Бүгін кітапханашы М. С. Демес балаларға Қазақстан халқының бірлігі күні туралы айтып берді. Балалармен бірге халықтар арасындағы достық, салт-дәстүрлер, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы айтылды. Қатысушылар ойындар мен байқауларға қатысты.
Іс-шараға кітап көрмесі дайындалды. Көрме мемлекетіміздің этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту жөніндегі саясатын көрсетеді. Іс-шара соңында барлығы бірге біздің Қазақстан халқының ең басты құндылығы – болашақ ұрпақ үшін бірлік сақталуы керек деген қорытындыға келді. |