Қазақстан жастары мемлекетіміздің пайда болу тарихын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің тарихын білуі тиіс. Мемлекеттік рәміздері Қазақстан Республикасы Конституциясымен 9 бабында бекітілген, және Қазақстан Республикасының Ата Заңының 34-бабына сай, әркім Республиканың Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. 31 қаңтарда Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары Мұхамеджан Сералин атындағы № 3 орта мектебінің 8,9 сынып оқушылары үшін «Бірлік пен бейбітшілік рәміздері» атты патриотизм сағатын өткізді. Оқушылар өздерінің жақсы білімдерін көрсетіп кітапхана қызметкерлерін таңқалдырды. Іс-шарада қызықты конкурстар, викториналар өткізілді, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы сұрақтар қойылды. Ең белсенді жауап берген оқушылар арасында 3 жеңімпаз анықталды. Бернард Шоудың ойы бойынша «патриотизм»: «Сенiң елiң басқаларына қарағанда үздiк, неге десең сен осы елде туғансын деген сенiм». |