"Балалар еңбегін пайдалануға қарсы 12 күн" ұлттық компаниясы аясында Боскөл ауылдық кітапханасында жоғары сынып оқушыларымен құқықтық әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында балалар еңбегін пайдалану, оның балаға әсері мәселелері қозғалды. Кітапханашы балаларды еңбекке тартудан қорғайтын негізгі заңнамалық құжаттармен таныстырды. Бұл "Бала құқықтары туралы конвенция" және «ҚР-дағы бала құқықтары туралы» ҚР Заңы. Бұл құжаттарда балалардың қай жастан бастап, қандай жағдайда жұмыс істей алатындығын анықтайтын заңнамалық актілер жазылған.
Балалар осы мәселе бойынша өз пікірлерін білдірді, "Бала еңбегі", "Бала еңбегін пайдалану" сияқты ұғымдар туралы талқыланды. #balademalys2023
|