19 қазанда Қарабалық аудандық орталық кітапханасының қабырғасында Қазақстан Республикасы күніне арналған "Біз өмір сүріп жатқан Республика" зияткерлік ойыны өтті. Аталған іс-шараның мақсаты оушыларды Қазақстан тарихына енген тарихи оқиғаларды, даталарды, сондай-ақ Қазақстан рәміздерін, жазушыларын, ҚР заңдарын білуге тексеру,. Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу болды. Іс-шараға Максим Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары мен Мұхамеджан Сералин атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары қатысты. Зияткерлік ойын "Бәйге", "Қазақстан табиғаты", "Қазақстан қаласы және "Жорға" атты 4 турдан тұрды. Іс-шара соңында қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табыс етілді. |