13 қазанда Қарабалық орталық аудандық кітапханасының қызметкерлері «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» акциясын өткізді. Ауыл тұрғындарына буклеттер таратылды. Акцияның мақсаты -мүмкіндігі шектеулі жандардың жағдайларына назар аудару, олардың қадір-қасиетін, құқықтары мен әл-ауқатын қорғау қажеттілігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Қоғамның назарын мүгедектердің жағдайларына аудару, қоғамның мүгедектерге деген көзқарасын өзгерту, оларға тең көзқарасты қалыптастыру қажет.
|