Хабардарлық онкүндігі аясында Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Қарабалық аудандық ерікті мүгедектер қоғамының қатысуымен "Біз әртүрліміз, бірақ біз біргеміз" атты әңгіме – талқылау өтті.
Қатысушылар достық қарым - қатынастың, мейірімділіктің қаншалықты маңызды екендігі, мүгедектігі бар адамдарға мемлекеттің құқықтары мен көмегі, әр адамның қарым-қатынас жасауға және оны тыңдауға құқығы бар екендігі туралы айтты. |