1 қыркүйекте Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы Думалакова Роза Жаксылыковна
«Біз - өз еліміздің патриотымыз!» тақырыбына сабақ өткізді. Іс-шараға 11 сынып оқушылары ата-аналармен бірге белсенді қатысты. Ата-аналар Аманова Б.Б. және Думалакова Р.Ж. сабақтың жүргізушілері және ұйымдастырушылары болды. «Біз қазақстандықтармыз» және «Бәйтерек» командалары екі турдан өтті. Оқушылар арасында Президент сайлауы қызықты өтті. Екі кандидатура қатысты: Искаков Р.Р. және Жалыбин И.О. Дауыс беру қорытындысы бойынша Жалыбин Игорь Олегович Президент болып таңдалды. Ел басқаруға көмекшілер ретінде 6 сыныптастар тағайындалды: Кузинев П., Искаков Р., Думалакова А., Ахметов Б., Серикпаева А., Тюрина Н. Министрлармен кеңес бірнеше минут алды. Әр сұрақ пен жауапта ауыл, Қазақстан тарихына құрмет, болашағына жауапкершілік және мақтанышты сезуге болды. Сабақ барлығына өте ұнады.
Осындай іс-шаралар оқушыларға өз еленің тарихи мәдени мұрасын және қазіргі жетістіктерін зерттеп білуге көмектеседі.
Мақсаты: оқушыларда патриотизм мен азаматтылығын қалыптастыру, Отанына сүйіспеншілікті тәрбиелеу, туған жерінің тарихын және мәдениетін құрметтеуге үйрету. |