Белоглиновка ауылдық кітапханасында «Балалар еңбегіне қарсы 12 күн» акциясы аясында ақпараттық стенд ресімделді, сондай-ақ кітапханашы С.Н. Есмағамбетова балалармен "Біз өз құқықтарымызды білеміз" атты танымдық сағат өткізді.
Іс-шарада балалар өздерінің құқықтары, балалар еңбегінің сипаттамалары туралы білді. Балаларға еңбек заңнамасы шеңберінде балалар еңбегін пайдалану туралы жадынамалар таратылды. Балалар еңбегін қолдану фактілері талқыланды, ауыл еңбегі тақырыбы және кейде қанаумен шектесетін балаларға еңбекақы төлеудің төмен деңгейі қозғалды.
Іс-шара соңында кітапханашы балалармен балалар еңбегіне қарсы күресті қолдау үшін плакатқа әсем сурет салды. #balademalys2023 |