Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзіннің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті адам деп санауға болмайды», – деген М.Әуезов.
22 қыркүйек күні елімізде тілдер мерекесі аталып өтеді. Соған орай Қарабалық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің қызметкерлері №3 мектеп қабырғасында «Біздің ата- бабаларымыздың тілі ұмыт қалмауы тиіс» атты оқырмандар сайысын өткізді. Бұл байқауға 2 сыныптан 11 сынып аралығындағы мектеп оқушылары қатысты. Сөздің шыны, қатысушылар сайысқа өте жақсы дайындалды. Қазылар алқасы әрбір қатысушыны төрт өлшеммен бағалады. Мәтінді жатқа білу,сөйлеудің айқындығы мен аңықтығы,сөйлеудің интонациялық мәнерлілігі және мәнерлі құралдарды қолдану атрибуттары. Әділ бағасын беретін қазылар алқасы үздіктерді таңдап алып, оларды мадақтама қағазымен және шағын жүлделермен марапаттады. Арғынбай Айша мен Ахметова Аружан- I орын, Жолдыбек Карина,Ержанова Гүлдана- II орын,Агдавлетова Дариға,Нурмакина Калима –III орын алды. Орталық кітапхананың кітапханашысы Аманжолова Даметкен Есенбекқызы оқушылар мен ұстаздарға кітаптарға шолу жасап, көптін қызығушылығын оятты. Балалар кітапханаға жиі келуге уәде берді. |