Қазақстанда мемлекеттік мереке – Конституция күні, тәуелсіздік алған күннен бері алғашқылардың бірі. Осы күнге байланысты Есенкөл ауылдық кітапханасында "Мемлекетіміздің заңдары" атты зияткерлік ойын өткізілді. Ойынға "Прокурорлар" және "Адвокаттар" атты екі команда қатысты. Конституцияның әрбір бөлімі бойынша қатысушыларға сұрақтар қойылып, дұрыс және сауатты жауаптар алынды. Ойын қорытындысы бойынша "Адвокаттар" командасы бір ұпаймен жеңіске жетті. Аталған іс-шараның мақсаты ҚР Конституциясы туралы білімдерін тексеру және Отанға деген сүйіспеншілікті, өз мемлекетіне деген мақтаныш сезімін тәрбиелеуге ықпал ету болды. |