Халықаралық толеранттылық күніне орай Станционный ауылдық кітапханасының кітапханашысы 4 сынып оқушыларын "толеранттылық" ұғымымен таныстырып, оларға толерантты мінез-құлық: бір-біріне деген құрмет, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлері мен мәдениетіне, сыныптастарының бір-бірімен толерантты қарым-қатынасы туралы айтып берді. Ол балалармен "Мейірімді сөздер - игі істер", "Мен жалғыз осындаймын, өйткені...","Досыңның жағымды қасиеттерін ата", "Мақалды жина" ойындарын өткізді. Сондай-ақ кітапханашы толеранттылық қазіргі әлемдегі мәдениеттер, халықтар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың үйлесімді дамуы үшін қажет екенін түсіндірді.
Іс-шара көңілді және танымдық өтті, ұлдар мен қыздар барлық тапсырмаларды тамаша орындады. Іс-шара соңында балалар оларға ұсынылған сөздерден: «Біз бәріміз бір-бірімізден әртүрліміз және бұл керемет!» деген сөйлем құрады. |