
Алғыс айту күніне орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасының кітапханашылары өздерінің тұрақты оқырмандарының бірі Зайкова Евдокия Петровнаға кітапқа деген қызығушылығы мен оқуға деген құштарлығы үшін ризашылықтарын айтуға қонаққа барды. Көңілді, әдемі атмосферада Евдокия Петровна өзінің сүйікті шығармалары мен авторлары туралы айтып, ата-анасы туралы естеліктерімен бөлісті.
Кітапханашылар ол кісіге ұнататын тақырыптағы кітаптарын әкеп берді, сондай-ақ құрмет ретінде шағын сыйлық сыйлады. Бұл күтпеген жағымды тосын сый мен қуаныш пен ризашылыққа толы кездесу болды. Евдокия Петровнаның үйінің ауласының қарын күреп, көмек көрсетті.
Кітапханашылар қарияға зор денсаулық, қажымас қайрат тіледі. Кітапхана тек кітап үшін ғана келетін ұйым ғана, сонымен қатар бей–жай қарамайтын адамдар ұжымы екенін дәлелдеп, жиі кездесуге уәде берді. |