
22 наурыз күн мен түннің теңелетін күні. Бұл әлемнің көптеген елдері тойлайтын тамаша мереке. Солтүстік жартышарда көктемнің, ал оңтүстік жарты шарды күздің келетін мезгілі екенін көрсететін сәт. Қазақстанда бұл «Наурызнама» мерекесі. Жер күнінде Святославка негізгі мектебі Белоглин ауылдық округінің үш мектебіне «Час земли» эко-марафонын өткізді. Іс-шара басында кітапханашы қатысушыларға осы экологиялық дата туралы және біздің планетамыз әлемнің басты «қазынасы» екенін, адамның қоршаған ортасыз өмір сүре алмайтынын: ауасыз, сусыз, көк шалғындардың хош иісінсіз, жапырақтардың сыбдырысыз өмір сүре алмайтынын айтып, оның орнына тек мұқият күтімді, кейде болмашы көмекті қажет ететініндігін айтты.
Кездесу барысында оқушылар жеріміздің экологиялық проблемалары туралы және олардың көпшілігі адамдардың кінәсінен туындайтыны туралы білді.
Келесі кезекте мектептер арасында «Бұл ғажайып - Жер планетасы» квест ойыны өткізілді. Балалар көптеген қызықты тапсырмалар орындады. Олар (жануарлар мен құстар туралы) жұмбақтарды шешіп, сөзжұмбақтар құрастырып, әдеби сайыста шығармаларды тапты (батыр немесе гүл бойынша). «Шығармашылық», «Шебер қолдар», «Биологиялық фразеологизмдер» сынды бекеттерде балалар экология саласы бойынша тамаша білімдерін көрсетіп, Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар туралы әңгімелеп, құстарға жем салғыш жасап үлгерді. Іс-шара соңында қорытынды жасалып, барлық қатысушыларға сертификаттар табыс етілді, ал Новостройск орта мектебінің командасына жеңімпаз сертификаты табыс етілді.
Мұндай іс-шаралар балалардың экологиялық санасын қалыптастыруға ықпал ететініне және оларды табиғатты қорғау жөніндегі белсенді іс-әрекеттерге шабыттандыратынына сенімдіміз.
Жерге қамқорлық жасап, оны бірге жақсартуды жалғастырайық! |