14-15 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысы өтті. Отырыста «Азаматтық қоғам», «Мәдениет. Өнер. Руханият», «Ғылым және білім», «Әлеуметтік-экономикалық және Аймақтық даму» сияқты негізгі бағыттар талқыланды.
Осыған байланысты Қарабалық аудандық орталық кітапханасында «Честный человек – будущее Казахстана» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан агротехникалық колледж студенттері қатысты.
Дөңгелек үстел басында кітапханашы қатысушыларға арнаған үндеуінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктерінің бірі, сөзсіз, бейбітшілік пен келісім екенін атап өтті. Сондай-ақ, ең үлкен және маңызды түзетулердің жаңа Қазақстанды құру үшін, елдің болашағы үшін және жастардың өзі үшін қандай маңызы бар екенін түсіндірді. |