Тоғызақ ауылдық кітапханасы АМК қызметкерлерімен және Тоғызақ ауылының әкімшілігімен бірлесіп «Чистый Казахстан» экологиялық акциясына белсенді қатысты. Су тасқыны өтті, енді Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, басты міндет – елді мекендердің аумағын тазарту және абаттандыру.
Барлық қызметкерлер құралдар алып, су тасқынынан кейін ауыл орталығын тазартуға шықты.
Жалпы, құм салынған қапшықтарды жинау және шығару жұмыстары 10 және 11 сәуірде жүргізілді, сонымен қатар жағалауды нығайтатын бөгеттерді тегістеу үшін арнайы техника тартылды. |