Отбасы – бұл жақын және қымбат адамдар, біз жақсы көретін, үлгі алатын, қамқорлық жасайтын, жақсылық пен бақыт тілейтін адамдар. Біз отбасында сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз.
Отбасы күніне орай Қарабалық аудандық орталық кітапханасында Махмутовтар отбасымен «Что может быть семьи дороже!» атты әңгіме-диалог өтіп, сондай-ақ, оқырмандар мен мәдениет қызметкерлері шақырылды.
Мурзагали Бексултанович және Мерует Каршигановна Махмутовтар өз отбасы туралы, отбасын берік әрі тату ететін отбасылық дәстүрлер туралы айтып берді. Мерует Каршигановна өте дана әйел, ол бізге ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас туралы айтты. Сондай-ақ балаларды тәрбиелеудегі ата-ана қамқорлығы және отбасылық міндеттер туралы ақыл-кеңесін берді. Екі баладан бес немере сүйіп отырған үлкен, тату отбасы. Махмутовтар отбасы тамаша отбасылық қарым-қатынастың үлгісі.
Іс-шара соңында әр қатысушы жылы лебіздерін білдіріп, отбасылық құндылықтарымен бөлісті. |