Алаш партиясының құрылғанына 105 жылдық мерейтой қарсаңында Қарабалық аудандық балалар кітапханасында «Алаш арыстары» атты дөңгелек үстел өтті. М.Сералин атындағы мектептің 11-сынып оқушылары мен тарих пәнінің мұғалімі Ақылбек Утешов жиын қатысушылары болды. Іс-шара барысында Алаш партиясының құрылуы, алаш зиялы қауым өкілдері, Алаш партиясының бағдарламасы жайында ақпарат алмасу болды. Ұлт болып қалыптасу барысында елеулі еңбек еткен еңселі тұлғаларды дәріптеу ұлтымыздың ұрпаққа ұраны деп білемін. |