Халықаралық мүгедектер күні аясында кітапханашы Т.И. Престель «Шах және Мат» клубының қатысушылары арасында «Давайте люди милосердней будем» шахмат турнирін өткізді.
Үлкен қызығушылықпен олар қарсыласын жеңу үшін шахмет жүрістері мен әрекеттерін ойластырды. Қызу және қарқынды күресте турнир ойыншылары өздерінің ерекше шеберліктері мен ойынға деген шынайы адалдықтарын көрсетті. Турнир аяқталғаннан кейін қорытындыланды. Шахматтан интеллектуалды күрестің нәтижесінде ең мықты деген көрсеткіш көрсетіп: 1 орынды В. А. Карнаухов, 2 орынды - В. И. Зинченко, 3 орын –И. А. Есімов иеленді. Жеңімпаздарға медальдар мен тәтті сыйлықтар табыс етілді!
Іс-шара соңында кітапханашы қатысушы Феданов Александрға жылулықпен және құрмет сөздерімен сыйлық табыс етіліп, қатысушыларға оның ауыр диагнозбен жеткен жетістіктері мен көптеген марапаттары туралы айтып берді.
Турнир барлық қатысушыларға үлкен қуаныш сыйлады. Оларға еңбекте табыс тілейміз! Бәрі үйлеріне жақсы көңіл-күймен қайтты. Бұл жақсы дәстүр одан әрі жалғасын табады деп ойлаймыз. |