2023 жылғы Қазақстан мерейгерлерінің бастауы Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтен бастау алды. Ол кісі биыл мерейлі 80 жасқа толып отыр. Осы мерейтой қарсаңында М.Сералин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп кітапханасында Қарабалық аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы ұйымдастырылуымен «Ұлы адамның ұрпағы» атты әдеби кеш болып өтті.
Мұрат Мұхтарұлының өмірбаяны, жазған еңбектері, ата-анасы туралы естеліктері айтылып, «Бірегей» бағдарламасында берілген сұхбаты балаларға көрсетілді. Әдеби кешке мектептің 6,7,10 сынып оқушылары қатысты.
Ұлы тұлғаның ұлы да өз әкесіндей ұлтына қызмет еткен, бар өмірін шығармашылыққа, ізденіске балағаны әрбір сөздерінен байқалады. Адам ұрпағымен мың жасайды дегендей, өзі өмірден өткенімен, өзінің көзіндей болған ұрпақтары жайында біле жүру, еңбектерімен таныса жүру қазақтығымыздың ерекше белгісі. |