
Бүгін Михайловка ауылдық кітапханасында Ғабиден Мұстафиннің мерейтойына орай ұйымдастырылған «Әдебиеттің сиқырлы әлемі» атты әдеби кеш өтті. Бұл шарада кітапханашы жиналған қауымға еліміздің халық жазушысы, ХХ ғасырдың жарқын әдеби мұрасы – Ғабиден Мұстафиннің шығармашылығы туралы баяндады. Ол – отандық әдебиеттің алтын дәуірін тоқыған классиктердің бірі. Оның туындылары қиын-қыстау кезеңдегі драмалық оқиғаларға толы туған халқының тағдырын бейнелейді. Жазушының басты ұстазы – өмірдің өзі болды. Әр еңбегіне ерекше жауапкершілікпен қарады. Өмір туралы, шынайы жазды. Оның бүкіл болмысы, мінезі мен ұқыптылығы шығармашылығында көрініс тапты.
Оқушылар кітапханашыны қызыға тыңдап, шара барысында шағын көрмеге қойылған жазушының кітаптарымен танысты. Іс-шара оқушылардың Қазақстанның әдеби мұрасы туралы білімін кеңейтуге, тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметті тәрбиелеуге ықпал етті. |