23 мамырда Приреченка кітапханасында Ұлы Отан соғысындағы Қазақстан батырларының – Сағадат Нұрмағамбетов, Рахымжан Қошқарбаевтың туғанына 100 жыл толуына арналған «Достойные сыны казахского народа» атты естелік-көрме өткізілді. Кітапханашы тақырыптық сөрелерді рәсімдеді. Олар ҰОС барысының тарихын және Берлинді алудың тарихи сәтін еске түсірді.Кітаптан ҚызылАрмия қолбасшылығының Рахымжан Қошқарбаевтың Жеңіс туын тіккендігі туралы баяндамасы оқылды. Кітапханашы балаларды А.Молдағұлованың өмірбаянымен және дивизия командирінің оның соңғы жекпе-жегі туралы естеліктерімен, сондай-ақ Тәуелсіз Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі С. Нұрмағамбетовтің өмірбаянымен және әскери ерліктерімен таныстырды. Қатысушылар бар зейіндерімен, қызығушылықпен тыңдады, өйткені біз ел тарихын және өз батырларымызды білуге міндеттіміз. |