21 наурыз – дастархан күні. Ворошиловка ауылындағы Научный ауылдық кітапханасының кітапханашысы балаларды Достық дастарханына жинады. Қазақстандағы ұлттық және өте дәмді тағамдармен таныстырды. Сондай-ақ, Қазақстанда қонақжайлылық ең басты ерекшелік болып табылады. Іс-шараға құрметті қария Ольга Анатольевна Сотник шақырылды. Оған "Сарқыт" берілді. "Сарқыт" - қазақ халқының көне дәстүрлерінің бірі. Сонымен қатар дастархан дайындалды. Соңында кітапханашы барлығына Ұлттық тәттілерді ұсынып, барлығына амандық тіледі. |