28 ақпанда Приреченка ауылдық кітапханасында «Досыңызға шын жүректен алғыс айтыңыз!» Алғыс айту күніне орайластырылған. Шақырылған қатысушылармен кітапханашы О.А.Подрезенко алғыс пен «Рахмет!» сөзінің мағынасы туралы ойын тренингін өткізді. Кітапханашы мерекенің тарихы мен дәстүрлері туралы ақпарат беріп, Қазақстан халықтары Ассамблеясы туралы, осы консультативтік-кеңесші органның қандай маңызы бар екенін және елімізде қандай жұмыс атқарып жатқанын айтып берді. Рәсімделген стендте қатысушылар тілектер эстафетасын жалғастырып, «алғыс» сөзімен мағыналас сөздерді жазды. Сондай-ақ, қатысушылар жақындарына алғыс хат жазып, қорапқа салды, 1 наурызда кітапханашы осы хаттардың коллажын рәсімдейді. |