Ауғанстан – талай сынақты басынан өткерген ел. Азап пен ерлікке, соғыс пен бейбітшілікке толы оқиға. Біздің жерлестеріміз нағыз батырлар. Олар Ауған соғысының қиындығы мен ауыртпалығын басынан өткеріп, ұлы тарихтың бір бөлігіне айналды. Бұл адамдар даңқ іздеген жоқ, бірақ олардың іс-әрекеттері ерлік пен жанқиярлықтың үлгісі болды. Арамызда елін, туған жерін қорғауға дайын осындай жандардың барына мақтанамыз!