Жазғы демалыс кезінде біз экология және қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шараларды жиі өткіземіз. Егер адам экологиялық білімді болса, онда экологиялық мінез-құлық нормалары мен ережелері сол адамның сеніміне айналады. Бұл көріністерді біз балалармен кездесулерде қалыптастыруға тырысамыз. «Экологиялық әліппені» балалар әңгімелесу, ойындар, викториналар кезінде зерттейді –біздің өлкеміздің флорасы мен фаунасымен танысады, әртүрлі қалдықтарды ыдыратуға қанша уақыт кетеді, сондай-ақ ауылдың экологиялық жағдайына баға береді. Біздің балалармен кезекті кездесуіміз олардың назарын экология проблемаларына аударып, қоршаған ортаны жақсарту үшін не істей алатындарын көрсету.