М. Сералин атындағы мектептің балаларына Отан қорғаушылар күні қарсаңында балалар кітапханасының кітапханашысы "Ел ұландары – сарбаз" атты патриоттық сағатын өткізді. Балалар үшін мереке тарихы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы, еліміздің қорғаныс жүйесі, бүгінгі күннің батырлары туралы әңгіме қызықты болды. Іс-шара мектеп оқушыларының саптық ән орындауымен аяқталды. Осындай сағаттарды өткізе отырып, біз басты мақсат - өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін нығайту, олардың бойларында талантты, үлгілі, батыл, адал, жанқияр азаматтарды тәрбиелеу. Мемлекет басшысының сөздерінде: «бізге патриоттық рух ауадай қажет!» деп айтылған. |