
Научненская ауылдық кітапханасында Астана күніне арналған мерекелік шара өтті.
Келушілер үшін «Ел ордасы – Астана» тақырыптық көрмесі ұйымдастырылып, онда елорданың қалыптасуы мен дамуы туралы кітаптар мен материалдар ұсынылды. Қатысушылар қазақтың ұлттық ойындарын қуана ойнап, арқан тартып, көңілді сайыстарға қатысты.
Жиналғандар Астананың тарихы, жетістіктері мен сұлулығы туралы бейнероликті де тамашалады. Мереке жылы атмосферада достық шай ішумен аяқталды. Осылайша кітапханашылар мерекені тойлап қана қоймай, елорданың ел өміріндегі маңыздылығын баршаның есіңе салды. |