
Смирновка ауылында еріктілер Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған обелиск маңындағы қарды тазалады. Іс-шараға кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы, әкімдік өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Таңертеңнен ертемен еріктілер мемориал алаңына күректермен және басқа да құрал-саймандармен келді. Барлық қатысушылардың күшімен обелискке жақындап бара алатындай етіп қарды тазалады. ҰОС жауынгерлерін еске ала отырып –әр жастағы қол ұшын берушішлерді біріктіре отырып, жұмыс жақсы, көңілді атмосферада өтті.
Еріктілер қозғалысына қатысушылар мұндай іс-шаралар қоғамды біріктіруге және жас ұрпақтың бойында патриотизм мен жауапкершілік сезімін тәрбиелеуге, сондай-ақ еріктілер қозғалысын дамытуға және қолдауға көмектесетінін атап өтті. |