Есенкөл ауылдық кітапханасының кітапханашысы 8 сынып оқушыларына Ленинградты неміс-фашистік басқыншылардың қоршауынан босатуға арналған "Ерлік пен даңқ қаласы" ерлік сабағын өткізді. Ол оқушыларға Ленинград тұрғындарының қоршауда қалай өмір сүргені және күрескені туралы айтты. Қоршауды бастан өткергендер қарапайым адамдар болды, бірақ мүмкін емес нәрсені жасап, аштықты, суықты, бомбалауды бастан кешірді. А.Адамовичтің, Д. Гранинның "Блокадалық кітап", К. Досқалиевтың "Ленинград Шайқасы", В. Михайловтың "Ленинград" кітаптарына шолу жасады. |