Тоғызақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Т. И. Престель Тоғызақ ауылының әкімшілігімен бірлесіп, еріктілік қызметі шеңберінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жерлес-жауынгерлеріне арналған ескерткішті қардан тазарту жөніндегі акцияға қатысты.
Еріктілер ескерткішке баратын жолды тазартып, ардагерлердің есімдері жазылған тұғырдан қарды алып тастады. "Біз қаза тапқан батырларды тек Жеңіс мерекесінде ғана емес, жылдың кез келген уақытында да еске алуымыз керек. Біздің естелігіміз –біздің істеріміз!». |