22 наурызда Боскөл ауылдық кітапханасында "Құрбылар" клубының қатысушыларымен кезекті кездесу өтті. Ол "Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары" тақырыбына арналды. Кітапханашы ерте кезден көктемгі күн мен түннің теңелу күнін қарсы алудың дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы айтып берді. Мереке күндері мерекелік дастарханға жиналып, достары мен көршілерін қонаққа шақыру әдетке айналған. Бір-бірімізді жыл басымен құттықтап, ізгі тілектер айту.
Клуб қатысушылары қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайып, оларды татып көрді. |