
Денсаулық - әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес игілігі. Жақын адамдармен кездескенде, қоштасқанда оларға зор денсаулық тілейміз, өйткені бұл толыққанды әрі бақытты өмірдің кепілі.
Денсаулықтың не екенін, дені сау адамның қандай екенін білу үшін Есенкөл ауылдық кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Формула здоровья» зияткерлік ойыны өткізілді.
Ойын мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, мәдени-гигиеналық дағдыларды нығайту, дәрумендер мен пайдалы өнімдер туралы білімді нығайту.
Ойын үш кезеңнен тұрды: «Жұмбақтар», «Мақалдар». «Дәрумендер». Дұрыс жауап бергені үшін балалар бір балл алды. Ең көп ұпай жинаған Климко Нелли.
Іс-шара соңында барлығы алған жақсы көңіл-күйлерімен бөлісті. |