Еліміздің жүрегі - тірегі Астана күніне орай аудандық кітапхананың оқу залында 28 маусымда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дөнгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында Астананың тарихы, ЭКСПО-2017, Комсомолец кентінің Қарабалық атауына ауысқанының 20 жылдығы талқыланды.
Іс-шараны өткізу кезінде қонақтарға"Гүлдене бер, туған жер!" көрме – инсталляциясы, "Утеп – Комсомолец - Қарабалық" ауызша журналы, "Туған күніңмен, Астана!" кітап көрмесі ұсынылды.
Іс-шара қорытындысы «Тебя, мой Казахстан, воспеть хочу!» интеллектуалды ойыны болды. Презентация көрсетілді. Бұл кездесу қазақстандық патриотизмді, өз еліне деген сүйіспеншілікке және мақтанышқа тәрбиелеуге бағытталған.
20 адам қатысты. |