2017 жылы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл толады. 9 ақпанда Қарабалық аудандық балалар кітапханасының кітапханашылары «Жас талап» интернатының балалары үшін осы датаға қарсы іс-шара өткізді. Мемлекеттік рәміздер елдігіңнің белгісі, тәуелсіздігіңнің нышаны. Туды, Әнұранды, Елтаңбаны қастерлеу кім-кімнің де борышы деп білеміз. Балала сөзжұмбақ шешті және «Своя игра» викторинаға қатысып, мемлекеттің тарихы мен мәдениеті туралы жақсы білімдерін көрсетті. Кездесу біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы туралы өлеңдер оқылды.
Іс-шара соңында балалар шағын сыйлықтарға ие болды. Осындай іс-шаралар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, патриотизм сезімін қалыптастырады. |